Жапонияның шығыс аймағындағы алапат тасқыннан көз жұмғандар саны 5 адамға жетті. Тағы бір тұрғын із-түссіз жоғалып кеткен. Ақжауын әлі құйып тұр. Әсіресе ел астанасы Токио маңындағы Чиба префектурасындағы жағдай қиын.
Дауыл да алай-түлей. Пойыздар тоқтап тұр. Тасжолдар да жабық. Әуе рейстері де кейінге шегерілген. Токиодағы Нарита халықаралық әуежайында 7 мың жолаушы далада қалды. Билік қауіп-қатердің ең жоғары «қызыл» деңгейін жариялады. Мамандар бір тәуліктің ішінде 367 миллиметр жауын-шашын түскенін айтады. Бұл тамыз айына тән қалыпты мөлшерден 3 есе көп. Күшті жел электр желілерін үзіп, 25 мың үй жарықсыз қалды. Құтқару операциясына сарбаздар да тартылған.
Тегтер #тасқын #дауыл #пойыз #тасжол #әуе рейстері #жолаушы #ЖапонияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz