Жүзуден Еуропа чемпионатында 19 жастағы итальяндық спортшы Сара Кертис әлемдік рекордты екі күн қатарынан жаңартты, деп хабарлайды 24KZ.
Францияның Париж қаласында өтіп жатқан су спорт түрлерінен Еуропа чемпионатының финалында Сара Кертис 50 метрге арқамен жүзуден 26,56 секунд нәтиже көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды. Бұл – әлемдік рекорд.
Бұған дейінгі рекорд та итальяндық спортшының еншісінде болған. Кертис жарыстың алдыңғы күнінде аталған қашықтықты 26,63 секундта жүзіп өтіп, австралиялық Кэйли Маккеоунның үш жыл бойы сақталған 26,86 секундтық рекордын жаңартқан еді.
Осылайша, 19 жастағы Кертис Еуропа чемпионатында 50 метрге арқамен жүзуден үздік нәтиже көрсетіп, басты қарсыластарынан басым түсті.
Франциялық Мэри-Амре Молух 27,06 секунд нәтижемен күміс жүлдеге ие болса, Ұлыбритания өкілі Лорен Кокс 27,15 секунд көрсеткішпен қола медаль алды.
Тегтер #жүзу #рекорд #24жаңалықтар #24KZ #ПарижPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz