RU
Толық нұсқаға өту
Фото: кадрлар бейнежазбадан алынды

Үндістанда ГЭС туннелін су басып, жеті жұмысшы қаза тапты

14.08.2026, 14:28 42

Үндістанда «Вишнугад-Пипалкоти» су электр станциясының аумағында салынып жатқан туннельдің бір бөлігі опырылып, жеті жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды 24KZ Associated Press ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға кезінде туннель ішінде 22 жұмысшы болған. Құтқарушылар 12 адамды аман алып шыққан. Жеті жұмысшы қаза тапса, тағы үшеуі із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Қазір іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Оқиға Уттаракханд штатында болған. Туннельдің ішіне су мен топырақ үйінділері ағып кіргеннен кейін құрылыс нысанының бір бөлігі опырылған.

Біздің команда оқиға орнына келіп, операцияны бастаған кезде туннельдің ішінде су көп болды. Су бүйір қабырғалардан да өтіп жатты. Содан бері судың деңгейі айтарлықтай көтерілді, - деді Ұлттық төтенше жағдайларға ден қою күштері бөлімшесінің командирі Амрит Лал Мина.

Үндістанда құрылыс нысандарындағы апаттар жиі болып тұрады. Инфрақұрылымның қарқынды дамуы күрделі геологиялық жағдайлармен, құрылыс талаптарының бұзылуымен, ауа райының қолайсыздығымен және қауіпсіздік нормаларының сақталмауымен қатар жүреді.

2023 жылы осы Уттаракханд штатында Гималайдағы туннельдің бір бөлігі опырылып, 41 жұмысшы оның ішінде 17 күн бойы қамалып қалған еді.

Ал ақпанда Мегхалая штатындағы көмір шахтасында болған жарылыс салдарынан 18 адам қаза тапқан.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz