RU
Толық нұсқаға өту

Сицилияда мыңға жуық рейс кейінге шегерілді

14.08.2026, 20:10 35

Сицилицияда Этна жанартауы атқылап жатыр. Осыған байланысты аймақтағы басты әуежайда мыңға жуық рейс кейінге шегерілді.

Тағы 350 ұшақ басқа аймақтарға жіберілген. Бұл туралы Италияның ақпарат құралдары жазды. Билік жанартаудан атқылаған ыстық күл әуе қатынасына қауіп төндіруі мүмкін дейді. Рейстерге шектеу қою шаралары туристік науқан әбден қызған кезде енгізіліп отыр. Осының салдарынан мыңдаған саяхатшы үйіне қайта алмай, әуреге түсті. Сарапшылардың есебінде, жалпы аралдың туризм саласына 24 миллион еуро шығын келуі мүмкін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz