RU
Толық нұсқаға өту

Брюссель тарихи орталығы гүлге оранды

14.08.2026, 22:40 34

Брюссельдің тарихи орталығы ашық аспан астындағы алып галереяға айналды. Гран-Плас алаңына аумағы 1 680 шаршы метр болатын гүлден жасалған  алып кілем төселді.

Бұл дәстүр жарты ғасырдан астам уақыт бұрын пайда болған. Ерекше шара екі жылда бір рет ұйымдастырылады. Гүл-кілем бірнеше күн ғана сақталатындықтан, ұйымдастырушылар оны ғұмыры қысқа өнер туындысы деп те атайды. Ұзындығы 70, ені 24 метр болатын кілем жиырма түрлі сұрыптағы 700 мыңнан астам нарғызгүлден құрастырылды. Биыл шара 24-рет өтіп отыр. Негізгі тақырыбы – Жапония. Композицияға Кацусика Хокусайдың «Канагавадағы алып толқын» атты әйгілі гравюрасы арқау болған. Жоба Бельгия мен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 160 жыл толуына орайластырылған.

Амели Пютманс, «Гүл-кілем» қауымдастығының өкілі:

- Нарғызгүлдер Бельгияда өсірілгенімен, олардың отаны – Мексика. Сондықтан олар жоғары температураға төзімді әрі суды көп қажет етпейді. Әзірге ауа райының келушілер санына қаншалықты әсер ететінін айту қиын.

Николь Фастрер, көрмеге келуші:

- Ең алдымен, мұндағы атмосфера керемет, алаңның өзі де тамаша. Ашық түстер қалаға жан бітіріп, мерекелік көңіл күй сыйлап тұр. Өте әдемі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz