Индонезияда магнитудасы 7,7 баллдық қуатты жер сілкінісі болды.
Бұл жөнінде АҚШ Геологиялық қызметі мәлімдеді. Зілзала ошағы Шығыс Нуса-Тенгара провинциясындағы Энде қаласынан солтүстік-солтүстік-батысқа қарай 68 шақырым жерде орналасқан. Мамандардың мәлімдеуінше, Флорес аралы маңында таяз суда жер сілкінісі болған. Осыған байланысты цунами қаупі бар екенін ескертеді. Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы әзірге ақпарат жоқ. Жалпы Индонезияны 17 мыңнан астам арал қоршап тұр. Сондықтан бұл елде жер сілкінісі жиі болады.
Тегтер #Индонезия #жер сілкінді #Таңдаулы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz