Индонезияның шығысында жер сілкінісінен 51 адам опат болды. Тағы жүзден астамы жарақат алған. Қазір апат аймағында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Өңірдегі жалғыз аурухана да қирап қалған. 7,7 балдық зілзала салдарынан 1 300 үй құлап, жарықсыз қалды. 5 мыңға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Айта кетейік, Индонезия Тынық мұхитының «Отты белдеу» деп аталатын сейсмикалық белсенді аймағында орналасқан. Сондықтан бұл елде жиі жер сілкініп, жанартау атқылайды.
Тегтер #Индонезия #зілзала #қирандыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz