АҚШ-тың Гавай аралдарында "Лала" дауылы соғып, бір адам опат болды.
Дүлей желдің жылдамдығы сағатына 130 шақырымға жеткен. Ағаштарды құлатып, электр желілерін үзіп кеткен. Қазір 76 мыңға жуық тұрғын жарықсыз отыр. Аймақтағы Хило мен Кона әуежайлары және порттар уақытша жабық тұр. Шамамен 190 әуе рейсі тоқтатылды. Іздеу-құтқару жұмыстарына Ұлттық гвардияның 180 әскері жұмылдырылған.
Тегтер #АҚШ #Гавай #дауыл #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz