RU
Толық нұсқаға өту

Гавайда 200 мыңнан астам үй жарықсыз қалды

17.08.2026, 07:40 34

Гавай аралдарында 200 мыңнан астам үй жарықсыз қалды. Аймақта бірнеше күннен бері «Лала» дауылы басылмай тұр. Салдарынан бір адам опат болып, кемінде жүз үй бүлінді.

Жергілікті биліктің мәліметіне сүйенсек, кей аудандарда тәулік ішінде 80 сантиметрден астам жауын түскен. Қазір электр желілері қалпына келтіріліп, іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Желдің екпіні сағатына 105 шақырымға бәсеңдегенімен, қауіп сейілмей тұр. Синоптиктердің болжауынша, дауыл аралдың батысына қарай жылжып барады. Бірақ дауыл соңы тасқынға ұласуы мүмкін деген қауіп бар.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz