RU
Толық нұсқаға өту

Ұлыбритания жерінің 72% қуаңшылық жайлады

17.08.2026, 08:00 32

Ұлыбритания аптап ыстықтың зардабын көріп отыр. Бүгінде корольдік жерінің 72 пайызын қуаңшылық жайлаған. Тұманды Альбион билігі осылай деп дабыл қақты.

Кей аймақтарда өзендер тартылып, қоймалардағы су мөлшері азайып кеткен. Кейінгі екі айда көктен бір тамшы тамбаған. Әдетте күн көзіне зәру болатын британиялықтар енді жаңбыр жауса деп тілеп отыр. Өйткені қуаңшылық азық-түлік бағасына да кері әсерін тигізе бастады.

Британиялық диқан Джон Франклиннің Кембриджшир графтығында 81 гектар жері бар. Климаттың өзгеруінен,, кейінгі 5 жылда мол өнім ала алмай жүргенін айтады. Оған қоса биылғы құрғақшылық онсыз да тұралап тұрған кәсібімді одан сайын іске алғысыз етті, - дейді.

Джон Франклин, шаруа қожалығының иесі:

- Біздің климат әдетте қоңыржай. Сынап бағанасы 30 градустан асса, егін пісудің орнына солып, қурап кетеді. Шөбіміз де дәл осылай кеуіп жатыр.

Қазір елдің көп бөлігінде қуаңшылықтан даланың құты қашып,  төрт-түлік мал сүйсініп жейтін жайылым жер қалмады. Сондықтан британиялық шаруалар "қысқа" деп жинаған жем-шөбін қазір пайдалануға мәжбүр.

Лиз Бентли, Метеорологиялық қоғамның бас директоры:

- Биыл аптап ыстық ұзаққа созылды. Оған қоса кей аймақтарда жауын-шашын 2 ай жаумаған. Ұлыбританияда метеорологиялық бақылау 2 ғасырдан бері жүргізіліп келеді. Сол мәліметтерді талдай келе, биылғы шілде - ел тарихындағы ең құрғақ ай болғанын анықтадық.

Британиялық шаруалар жаз бойы баптаған егіннің өнімділігі биыл 2 жарым млн тоннаға төмендеуі мүмкін. Бұл 1984 жылдан бергі ең төмен көрсеткіш. Ал, диқандар 520 млн доллар көлемінде шығынға батады деген  болжам бар.

Мартин Лайнс, шаруа қожалығының иесі:

- Биыл егін екпей, жұмысты тоқтатқан тиімді болар еді. Бірақ келесі жылы астық одан да аз жиналуы мүмкін. Күн райы бес жылдан бері егінге қолайсыз. Бес жылда қуаңшылық осымен 3 ші рет қайталанып тұр.

Рейтер агенттігінің дерегі бойынша Ұлыбритания азық-түліктің 58 пайызын өзі өндіреді. Қалған 42 пайызын сырттан әкеледі.

Мартин Лайнс, шаруа қожалығының иесі:                               

- Біз ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша импортқа тәуелді елміз. Жаһан әлемтапырық. Климаттың өзгеруі бар. Мұнай, жанармай мен тыңайтқыш бағасының өсуі де азық-түлік өндірісіне қатты әсер етті. Өзге елдер де азық-түлігін сыртқа сатқаннан гөрі, алдымен өз халқын қамтамасыз етуге басымдық бере бастады.

Биыл шаруалар бұрынғыдай өнім ала алмаса, онда Корольдікте азық-түлік импортына тәуелділік күшейе түседі. Яғни Тұманды Альбион билігі үшін азық-түлік қауіпсіздігі күрмеуі қиын мәселеге айналуы мүмкін, - дейді сарапшылар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz