Иран армиясы америкалық әскери қызметшіні өлтірген немесе тұтқынға алған азаматтарға 30 мың доллар көлемінде сыйақы тағайындады, деп хабарлайды «24KZ».
Бұл туралы Иран армиясының қолбасшысы Әмір Хатами мәлімдеді.
Иранның мемлекеттік телеарнасы IRIB-тің хабарлауынша, америкалық әскери қызметшіні өлтірген немесе тұтқынға алған ирандыққа 30 мың доллар немесе 5 миллиард томан төленеді. Ал ирандық әйелдерге сыйақы мөлшері екі есе көбейтіледі.
Сондай-ақ Хатами америкалық әскери қызметшінің көзін жоюға қолданылған қаруды нарықтық бағасынан екі есе қымбатқа сатып алып, оның орнына жаңа қару берілетінін айтқан. Сатып алынған қару кейін музей экспонатына айналмақ.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Иран #АҚШ #сыйақы тағайындады #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz