RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Өзбекстанда балаға әкесінің атын тегі ретінде беруге рұқсат етілмек

17.08.2026, 11:06 39

Өзбекстанда Отбасы кодексіне өзгерістер енгізіліп, енді балаға әкесінің аты бойынша тегін беруге мүмкіндік жасалды, деп хабарлайды 24KZ gazeta.uz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қолданыстағы заң бойынша баланың тегі ата-анасының тегіне қарай белгіленеді. Егер әкесі мен анасының тегі әртүрлі болса, олардың өзара келісімімен балаға әкесінің немесе анасының тегі беріледі. Сондай-ақ ата-анасының қалауына қарай, ұлттық дәстүрге сәйкес, балаға әкесінің немесе анасының әкесінің аты негізінде жасалған текті беруге болады.

Алайда қолданыстағы заңда баланың тегін тікелей әкесінің атынан қалыптастыруға рұқсат етілмеген.

Заң жобасын таныстырған сенатордың айтуынша, бұл мәселе бойынша азаматтардан көптеген өтініш түскен. Әсіресе балалар үйінде тәрбиеленген ер азаматтар немесе ата-ана құқығынан айырылған адамдардың балаларына қатысты осындай қажеттілік туындауы мүмкін.

Мысалы, адамның өз әкесінің тегін баласына бергісі келмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда баланың тегін өзінің әкесінің атынан қалыптастыруға мүмкіндік беру ұсынылып отыр.

Сенат депутаттарына хабарланғандай, баланың тегін әкесінің немесе атасының аты негізінде қалыптастыру мүмкіндігі Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан заңнамасында қарастырылған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz