Грузия бірпалаталы Парламент жүйесіне көшкелі 30 жылдан асты. Бұл заң қабылдау шараларын жеңілдетіп, үкіметке шұғыл шешім қабылдауға ықпал етті, - дейді саясаттанушы Шалва Дзебисашвили.
Бірақ сарапшының айтуына қарағанда, ең маңыздысы - жүйенің ішкі құрылымы. Парламентте саяси күштердің мүддесін ескеретін тетіктер болуы керек. Сол кезде ғана заң қабылдау рәсімі жеңілдей түседі, - деген пікірде.
Шалва Дзебисашвили, Грузия университеті Саясат және халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры:
- Егер жүйенің ішіне келісімге келу, пікірлерді ескеру тетіктері дұрыс енгізілсе, ешқандай партия өз шешімін күштеп қабылдата алмайды. Бірпалаталы Парламент жүйесінің өзінде де осындай көптеген тетік пен мехнизмді енгізуге болады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #парламент #ГрузияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz