Еуроодақ Ресейге экономикалық қыспақты күшейтеді. Осы күзде жаңа санкция енгіземіз деп отыр.
Мұны немістің Die Welt басылымына берген сұхбатында ұйымның сыртқы саясатына жетекшілік ететін Кая Каллас мәлімдеді. Оның айтуына қарағанда, қара тізімге ілігетін компаниялар мен тұлғалардың саны 30 пайызға артады. Ал "Блумберг" басылымының мәліметіне қарағанда, Еуроодақ Ресейге қатысы бар 1 мың 600 компанияға шектеу енгізуді жоспарлап отыр. Ұйымның кейінгі, яғни 21-ші санкциясы биыл 23-шілдеде күшіне енген еді. Мәскеу билігі мұны " ұрлыққа" теңеді. Сондай-ақ бұғатталған активтерді қайтаруды талап етті.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Ресей #санкцияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz