RU
Толық нұсқаға өту

XV ғасырдың 4 құнды туындысы ұрланды

17.08.2026, 14:50 282

Италияның Мессина қаласындағы мұражайдан он бесінші ғасырдың төрт құнды туындысы ұрланды. Бұл туралы елдің Мәдениет министрлігі хабарлады.

Тергеу мәліметінше, ұрылар дәстүрлі мереке кезіндегі жиылған жұрттың көптігін пайдаланып, қауіпсіздік жүйесін айналып өткен. Сөйтіп әйгілі суретші Антонелло да Мессинаның бес суреті мен тағы қорғалған сөреден бір екіжақты картинаны қолды еткен. Бірақ қашып бара жатып, ғимарат маңына екеуін тастап кеткен. Мамандар жоғалған туындылардың құнын 70-80 миллион еуроға бағалап отыр. Қазір полиция күдіктілерді іздеп жатыр. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz