Қытай айрықша физикалық көрсеткіштерге ие жаңа робот жасап шығарды. «Тіпті бұндай қабілет бұрын еш құлтемірде тіркелмеген», - дейді мамандар.
Гуманоид 2 метр биіктікке секіріп, секундына 12 метрден астам жылдамдықпен жүгіре алады. Тепе-теңдікті сақтау үшін аяқ-қолдарының қалпын автоматты түрде өзіне ыңғайлап отырады. Роботты әзірлеуге инженерлер үш айдан астам уақыт жұмсағап, «Супермен» деген лақап ат та берген. Компания бұл технологияны ғылыми зерттеулерге, адамдарға тұрмыстық көмек көрсету үшін және ауыр әрі қауіпті жағдайларда жұмыс істеу мақсатында пайдалануды жоспарлап отыр.
Тегтер #робот #Таңдаулы #рекордPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz