Ормуз бұғазы - Құрама Штаттарға тиесілі аумақ. Дональд Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында осындай жазба жариялады.
Онда Ормуз бұғазының картасы бейнеленген. Ал картаның жанында «АҚШ-тың жаңа аумағы» деп жазылған. Тараптар Парсы шығанағындағы маңызды стратегиялық су жолына қатысты бір шешімге келе алар емес. Бүгін Иран Парламентінің спикері Мұхаммед Багер Ғалибаф Вашингтон Ислам мемлекетіне қарсы мұнай санкцияларын алып тастамайынша және теңіз блокадасын тоқтатпайынша, Ормуз бұғазы ашылмайтынын мәлімдеді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АҚШ #ИранPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz