Америкалық Nasdaq қор биржасы жұмыс уақытын тәулігіне 23 сағатқа дейін ұзартуды жоспарлап отыр. Жаңа режим 6 желтоқсанда іске қосылады.
Сауда-саттықтағы техникалық үзіліс небәрі бір сағат, кешкі 20:00-ден 21:00-ге дейін жалғасады. Биржа басшылығының айтуынша, жаңа жұмыс кестесі шетелдік инвесторлар тарапынан артып келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Бұл шешімге тәулік бойы жұмыс істейтін криптовалюта платформаларымен бәсекелестіктің күшеюі де әсер еткен. Ал болашақта Nasdaq 24/7 форматында, яғни тәулік бойы және аптасына 7 күн жұмыс істеуге көшуді жоспарлап отыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АҚШ #жұмыс уақыты #қор биржасыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz