Тайвань билігі ел азаматтарына шамамен 7 жарым миллиард доллар төлейді. Бұл қаражат халыққа «жасанды интеллект технологияларынан түскен дивиденд» ретінде беріледі.
Ақпан айына дейін әр тұрғын 300 доллардан алады. Мұндай шешім чиптерге деген әлемдік сұраныс пен жасанды интеллект саласының дамуы нәтижесінде экономиканың күрт өсуінен кейін қабылданды. Тайваньның жалпы ішкі өнімі алғашқы жартыжылдықта 14%-дан астам өсті. Бұл кейінгі 50 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Сондай-ақ келесі жылдың болжамына сай, мемлекеттік бюджет кірісі 125 миллиард долларға жетуі мүмкін.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Тайвань #жасанды интеллектPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz