RU
Толық нұсқаға өту

Сирияда ядролық материалдар табылды

19.08.2026, 07:22 35

Сирияның Дейр-эз-Зор провинциясында бірнеше тонна ядролық материал табылды. Бұл туралы Халықаралық атом энергиясы агенттігінің бас директоры Рафаэль Гросси мәлімдеді.

Дамаск сарапшылардың тексеру жүргізуіне бастамашы болған. Қазір агенттік пен Сирияның Атом энергиясы жөніндегі комиссиясының мамандары материалдарды тексеруге және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кірісті. МАГАТЭ басшысы Сирияның ядролық қызметі тек бейбіт мақсаттарға қызмет етуі қажет екенін атап өтті. Ал елдің Сыртқы істер министрі Асад Хасан аш-Шейбани табылған заттар бұрынғы режимнен қалғанын айтты. Оның сөзіне сүйенсек, техникалық бағалау олардың қауіп төндірмейтінін көрсетті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz