RU
Толық нұсқаға өту

Мажарстанда оқушылар жазғы лагерьде экологиялық жобаны меңгеруде

19.08.2026, 08:19 37

Еңбектің наны тәтті. Мажарстанда жазғы лагерьге демалуға барған балалар бау-бақша баптап, бағбандықты меңгеріп жүр.

Сондай-ақ су үнемдеуді үйренеді. Бүгінде Еуропа басқа аймақтарға қарағанда 2 есе жылдам жылынып барады. Салдарынан қазірдің өзінде құрлықты қуаңшылық жайлап, орман өрттері көбейіп отыр. Ал балалар қолға алған экологиялық жобаның тиімділігі қандай? 

Балаларды климат өзгерісіне бейімдейтін лагерь оқушылар климат өзгерісіне бейімделуді үйренеді  

Мажарстандағы Баластья ауылының оқушылары дәл мектеп ауласында бақша дақылдарын өсіреді. Ұстаздар жас буынды еңбекке баулып қана қоймай, табиғаттың бергенін рәсуасыз, тек игілікке жұмсауды үйретеді. 

Ноэми Эрдоди, экологиялық жоба жетекшісі:

- Біз тұрмысы төмен балалармен жұмыс істейміз. Климат өзгерісінің зардабын әсіресе кішкентайлар тартады. Сондықтан әуелі осы жас буынды дайындауымыз керек деп ойлаймын.

Климаттың өзгерісі адамдардың тұрмысы мен жануарлардың тіршілігіне әсер етті. «Ұстаздар балалардың қоршаған орта туралы білімін жетілдіру үшін оларды қарапайым мысалдар арқылы жеткізуге мән береміз», - дейді. 

Ноэми Эрдоди, экологиялық жоба жетекшісі:

- Табиғатты қорғап қалудың маңызын бұл балалар жақсы түсінеді. Биыл көбі орман өртін өз көзімен көрді. Тілсіз жау үйлеріне дейін жақындаған еді. Құдай сақтап, ешқайсысы зардап шеккен жоқ. 

Экологиялық жоба осыдан 5 жыл бұрын қолға алынды. Балалар мектеп ауласындағы бақты арамшөбін жұлып, суарып, жаз бойы өздері баптайды. Кейін өнімін жинап алған соң, әзірлеп, дәмін де көріп үлгереді. 

Биыл Мажарстан жерінің 89 пайызын қуаңшылық жайлады. Биліктің есебі бойынша, климат өзгерісі экономикаға 137 млн еуро шығын келтіруі мүмкін. Сондықтан мамандар ыстықтан қорғану үшін тың тәсілдер қажет екенін айтады. 

Авторы: Зайнұр Байжігіт

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz