RU
Толық нұсқаға өту
фото: x.com/SANA

Сирияның бұрынғы президенті Башар Асадтың туысы өлім жазасына кесілді

19.08.2026, 09:39 34

Сирия билігі елдің бұрынғы басшылығы өкілдері мен оларға қатысы бар тұлғаларға қатысты сот процестерін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды 24KZ SANA ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Дамаск соты Сирияның бұрынғы президенті Башар Асадтың немере ағасы Васим Асадты адамзатқа қарсы қылмыстар мен әскери қылмыстар жасады деп танып, өлім жазасына кесті.

Дамаск қаласының төртінші қылмыстық соты Васим Асадты қасақана кісі өлтіру, азаптау, заңсыз бас бостандығынан айыру және басқа да қылмыстарға кінәлі деп таныды. Сонымен қатар сот сотталған адамның жылжымалы және жылжымайтын мүлкін мемлекет пайдасына тәркілеу туралы шешім шығарды.

Іс материалдарына сәйкес, 2011 жылы Васим Асад бригадалық генерал Гият Далламен келісіп, шамамен 30 адамнан тұратын екі қарулы жасақ құрған. Олар бұрынғы президенттің ағасы Махер Асад басқарған Сирия армиясының 4-дивизиясымен байланысты күштердің құрамында әрекет еткен.

Бұл жасақтардың негізгі қызметі Шығыс Гута аймағында шоғырланған. Сот олардың елді мекендерге шабуыл жасауға, адамдарды ұрлауға, азаптауға және бейбіт тұрғындарды өлтіруге қатысы бар екенін анықтады.

Атап айтқанда, Васим Асад пен оған бағынышты топтар 2013 жылы әл-Млиха ауданында болған оқиғаға қатысы бар деп танылды. Ол кезде әуе және артиллериялық соққылардан шамамен 75 бейбіт тұрғын қаза тапқан.

Айта кетейік, 11 тамызда дәл осы сот Сирияның бұрынғы президенті Башар Асадты және елдің бірқатар бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктері мен әскери қызметкерлерін сырттай өлім жазасына кескен болатын

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz