RU
Толық нұсқаға өту

Жасөспірімдерге арналған ChatGPT әзірленді

20.08.2026, 01:00 21

Опен Эй Ай ((OpenAI))

Чат Джи пи тидің ((ChatGPT)) жасөспірімдерге арналған нұсқасын іске қосты. Алгоритм зорлық-зомбылыққа, тамақтану тәртібінің бұзылуына және өзіне өзі зиян келтіруге қатысты контентті бірден бұғаттайды. Сондай-ақ чат-бот мектеп оқушыларына үй тапсырмасын орындауға көмектеседі. Бірақ дайын жауаптар мен шығармаларды ұсынудың орнына, балаларды өз бетінше ізденуге бағыттайды. Ал ата-аналарға бақылаудың кеңейтілген құралдары ұсынылды. Олар алгоритмге шектеу қойып, бала тыйым салынған тақырыптарды талқылауға әрекет жасаған жағдайда хабарлама алады. Бұған дейін жасанды интеллект әзірлеуші компания Калифорнияда тұратын 16 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысы бар деп айыпталған еді. Ол чат-ботпен өз өзіне қол салу ниетін талқылаған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz