RU
Толық нұсқаға өту

Трамп: Иранға экономикалық қысым күшейеді

20.08.2026, 09:10 30

АҚШ Иранға қарсы экономикалық қысымды барынша күшейтпек. Бұл туралы президент Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде мәлімдеді.

Ақ үй басшысы Тегеранға қаржылай немесе сауда арқылы көмектескен кез келген ел қатаң шараларға тап болатынын ескертті. Оның айтуынша, Иран мұнайын заңсыз тасымалдауға, ақша аударуға, валюта айырбастауға және делдал компаниялар арқылы санкцияны айналып өтуге мүмкіндік беретін барлық арна жабылуы керек. Ақ үй басшысы одақтас мемлекеттерді ортақ ұстаным танытуға шақырды.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz