RU
Толық нұсқаға өту

Түркияда жаз айларында 64 орман өрті тіркелді

20.08.2026, 11:30 26

Түркияда жаз басталғалы 22 провинцияны қызыл жалын шарпып, 64 орман өрті тіркелді. От қойды деген күдікпен 43 адам анықталып, оның 11-і қамауға алынды.

Бұл туралы елдің әділет министрі Ақын Гүрлек әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Оның айтуынша, кейінгі бір аптаның өзінде Анталия, Адыяман, Кожаели, Балыкесир және тағы бірнеше провинцияда 10 орман өрті тіркелді. Оқиғаға қатысты жүргізілген тергеу барысында 6 күдіктіге шара қолданылған. Министр  немқұрайлылық танытып, өрттің шығуына себеп болғандар да заң алдында жауап беретінін ескертті. Жаз айларында орман өртінің жиілеуі жыл сайын қайталанатын мәселеге айналған. Мамандар аптап ыстық пен құрғақ ауа райы өрт қаупін күшейтіп отырғанын айтады.

Али Оғұз Дириөз, сарапшы:

- Жерорта теңізі жағалауындағы түрлі аймақтарда өте ірі орман өрттерінің куәсі болып отырмыз. Бұл, әрине, климаттық дағдарыстың әсерінен болып отыр. Температура көтеріліп, орман алқаптары азайған сайын су ресурстарын тиімді пайдалану да қиындай түседі. Сондықтан мұндай өрт оқиғаларының алдын алу үшін Түркия ғана емес, Еуропа, Орталық Азия, тіпті жалпы әлем болып климаттық дағдарыспен күреске ерекше мән беруіміз қажет.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz