АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 40 триллион доллардан асты. Бұл туралы елдің Қаржы министрлігі мәлімдеді. Жалпы мемлекеттік қарыз 2017 жылдан бері екі есе өскен.
Коронавирус пандемиясы кезіндегі шұғыл шығындар, салық түсімдерінің азаюы және әлеуметтік бағдарламаларға бөлінетін қаржының көбеюі қарыздың өсуіне әсер етті, - дейді сарапшылар. Қазір билік қарыздың тек пайызын өтеуге 1,1 триллион доллар жұмсайды. Мұндай жағдай инфляцияны күшейтіп, мемлекеттік бағдарламаларға бөлінетін қаржының қысқаруына әкеп соғуы мүмкін, - дейді мамандар.
Майкл Питерсон, Питер Дж. Питерсон қорының төрағасы және бас директоры:
- 40 триллион долларлық мемлекеттік қарыз – АҚШ үшін айтарлықтай үлкен көрсеткіш. Бұл Вашингтондағы екі партияның да ұзақ жылдар бойы жауапсыз қаржы саясатын жүргізгенінің нәтижесі. Қарыздың өсуіне халықтың қартаюы да әсер етіп отыр. Күн сайын 10 мың америкалық 65 жасқа толады. Олар зейнетке шығып, жарна төлеуді тоқтатады да, әлеуметтік төлемдер ала бастайды. Адамдар бұрынғыдан ұзақ өмір сүреді, ал елдегі медициналық қызмет өте қымбат. Соның салдарынан зейнетақы мен денсаулық сақтау шығындары көбейіп келеді. Алайда салықтан түсетін кіріс бұл міндеттемелерді өтеуге жетпейді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АҚШ #мемлекеттік қарызPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz