Газа тұрғындарынан тағы маза қашты. Израильдің анклавтағы полиция бөлімшесіне жасаған әуе шабуылынан тоғыз адам қаза тауып, тағы 14-і жараланды.
Медицина қызметкерлерінің мәліметі бойынша құрбандар арасында полицияның жоғары шенді офицерлері болған. Израиль әскері әзірге бұл жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ. Айта кетейік, былтыр қазан айында атысты тоқтату туралы келісім жасалғаннан бері 1200-ден астам палестиналық пен Израильдің төрт әскери қызметкері қаза тапты.
Тегтер #Хабар 24 #жаңалықтар #Газа #полиция қаза таптыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz