Орталық Африка Республикасының батысында алтын кеніші опырылып, кемінде 100 адам ажал құшты. Оқиға Камерунмен шекараға жақын Замбойе ауылында болған.
Қазір құтқарушылар үйінділерді ашып, із-түзсіз жоғалғандарды іздестіріп жатыр. Әзірге апатқа не себеп болғаны белгісіз. The Guardian басылымының мәліметіне сүйенсек, елде күнкөріс қамымен қараусыз қалған кен орындарына түсетіндер көп. Мұндай жерлерде алтын көбіне қарабайыр тәсілмен өндіріледі, қауіпсіздік талабы сақталмайды. Салдарынан аймақта қайғылы оқиғалар жиілеп кеткен.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #оар #апатPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz