RU
Толық нұсқаға өту
фото: moya-planeta

Португалияда бет әлпетті жасыратын киім киюге тыйым салынды

20.08.2026, 17:05 39

Португалия президенті Антониу Жозе Сегуру қоғамдық орындарда адамның бетін жасыратын немесе жеке басын анықтауға кедергі келтіретін киім киюге тыйым салатын заңға қол қойды, деп хабарлайды 24KZ ERR ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті БАҚ «бурка туралы заң» деп атаған құжатты Португалия парламенті биыл шілдеде қабылдаған.

Заңға сәйкес, адамды жынысына, дініне, жасына немесе шыққан тегіне байланысты бетін жабуға мәжбүрлеуге де тыйым салынады.

Ережені абайсызда бұзғандарға 150-750 еуро, ал қасақана бұзғандарға 400-3000 еуро көлемінде айыппұл салынады.

Алайда заңда бірқатар ерекшелік қарастырылған. Атап айтқанда, ғибадат орындарында, дипломатиялық өкілдіктерде, әуе кемелерінің бортында, сондай-ақ денсаулық жағдайына, кәсіби қызметке, өнерге немесе ауа райына байланысты бет жабуға рұқсат етіледі.

Бастаманы Португалиядағы оңшыл «Chega» партиясы ұсынған. Заңды биліктегі оңшыл-орталық коалиция қолдаса, солшыл партиялар оған қарсы дауыс берген.

Португалия президенті ашық жүз адамның жеке басын танытудың және қарым-қатынас жасаудың маңызды бөлігі екенін, сондай-ақ бұл әлеуметтік сенім үшін қажет екенін атап өтті.

Португалия – қоғамдық орындарда бетті толық жабуға шектеу енгізген Еуропадағы елдердің бірі. Мұндай талаптар Франция, Бельгия, Австрия, Дания және басқа да бірқатар мемлекетте қолданылады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz