Иранға қол ұшын созған мемлекет
- АҚШ-тың жауы. Ақ үй Тегеранға көмектескен елге санкция енгізеді. Мұны Құрама Штаттардың Қаржы министрі Скотт Бессент мәлімдеді. Оның айтуына қарағанда, Тегеранмен арада ақша аудару, мұнайын сатып алу, теңізде кемеден кемеге жүк ауыстыру секілді барлық байланысты доғару керек. Өйтпеген жағдайда, АҚШ билігі сол елге қарсы қатаң шара қолданады, деп ескертті.
Скотт Бессент, АҚШ Қаржы министрі:
- Одақтастарымыз бен әлемнің өзге елдеріне нақты таңдау жасайтын уақыт келді. Біз осы режимнің экономикасын құлдыратып, оның аймақтағы ықпалын әлсіретсек, Тегеран билігі әскеріне жалақы төлей алмайды. Қазірдің өзінде Иранда азық-түлік бағасы аспандап тұр. Инфляция дес берер емес. Кейбірі бұл саясат ешқашан нәтиже берген емес дейді. Бірақ бұл жолы нәтиже береді. Өйткені Венесуэла мен Кубадағыдай қысымды күшейтеміз.
Тегтер #АҚШ Иран #санкция #Таяу Шығыс #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz