Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
Конго Демократиялық Республикасына Эрвибо ((Ervebo)) вакцинасының 70 мың дозасын бөледі. Бұл Эбола безгегімен күресу үшін қажет. Вакцина Эболаның өзге штамына қарсы әзірленген. Ал елді жайлаған «Бундибугио» жұқпалы дертімен күреске оның көмегі тие ме, жоқ па, әзірге белгісіз. Ғалымдар екпенің тиімділігін клиникалық зерттеулер барысында бағалайды. Бұл үшін арнайы 20 мың доза бөлінеді. Ұйым мәліметінше, Конго Демократиялық Республикасында 5 мыңнан астам адам ауру жұқтырған. 2 мыңға жуық тұрғын көз жұмды.
Тегтер #Конго #Эбола #вакцина #ДДСҰ #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz