RU
Толық нұсқаға өту

Орталық Азияда логист маман жетіспейді

21.08.2026, 08:37 22

Қазақстан арқылы өтетін керуен легі

жыл санап артып келеді. Ал халықаралық транскаспий көлік бағыты елге ғана емес, Орталық Азия үшін үлкен олжалы жоба болды.

Көрші мемлекеттер тауарларын кәрі құрлыққа жеткізуге мүмкіндік алды. Нәтижесінде елге инвестиция тартылып, капитал көлемі артты.

Эльдор Туляков, Өзбекстанның дамушы стратегия орталығының атқарушы директоры:

- Орталық Азияда көлік логстикасына басымдық беріліп жатыр. Көрші мемлекеттер жүк тасымалын өрістету үшін дәліздерді ашуға мүдделі. Саланы цифрландыру бойынша да біраз жұмыстар атқарылуда.  Өзбекстан басқа да дәліздер бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Оның ішінде транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы Еуропа нарығына шығу көзделген. 

Қазақстанның логистикалық мүмкіндігі кеңейген сайын мамандыққа деген сұраныстың артуы заңдылық. Осы ретте жастардың салаға қызығушылық танытуы байқалады. Орталық Азиядағы көлік логистика бірлестігінің дерегінше жаңадан ашылған академиялар мен институттар Қазақстанға ғана емес, күллі аймаққа логист мамандардың жаңа буынын дайындап жатыр. Олар цифрлық саланы меңгерген, заманауи технологияның тілін білетін кәсіп иесі болмақ.

Наталья Андриевская, Орталық Азиядағы көлік логистика бірлестігі төрағасының орынбасары:

- Қазақстан логистикалық инфрақұрылымға ерекше ден қойып жатыр. Себебі оның пайдасы көл көсір екенін түсінді. Болашақта бұл сала тіпті экономиканың қозғаушы күшіне айналуы ғажап емес. Қазақстанда логистика мамандығы бойынша академиялар мен институттар ашылып жатыр. Жастардың салаға деген қызығушылығы жоғары. 

Орталық Азия мемлекеттері логистикалық дәліздерді көптеп ашуға күш салып жатыр. Бір кездері жабық болған мемлекеттер экономиканы алыс-беріссіз, барыс-келіссіз дамыту мүмкін емес екенін енді түсінгендей.

Дулат Нуркин

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz