RU
Толық нұсқаға өту
фото: kazinform

Қытайдың оңтүстігіндегі су тасқынынан 159 адам қаза тапты

21.08.2026, 11:32 51

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында «Майсак» тайфуны салдарынан болған су тасқынынан кемінде 159 адам қаза тауып, тағы 10 адам із-түзсіз жоғалған, деп хабарлайды 24KZ СИНЬХУА ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Табиғи апат өңірдегі 16 уезде 1,65 миллионнан астам адамды әбігерге салған. Бұл туралы 21 тамызда Наньнин және Гуйган қалаларында төтенше жағдайдың салдарын жоюға арналған жиындарда мәлім болды.

Наньнин билігі қаладағы инфрақұрылымды қалпына келтіріп, тұрғындардың қалыпты өмірге оралуын 6–12 ай ішінде қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Ал Гуйган қаласында тұрғын үйлерді жөндеу, өндіріс орындарының жұмысын қалпына келтіру және су қоймаларын нығайтуға басымдық берілмек.

Шілде айының басында «Майсак» тайфуны өңірде ұзақ уақыт бойы нөсер жауын жаууына себеп болды. Соның салдарынан ірі су тасқыны болып, Люлань және Юньбяо су қоймаларындағы бөгеттердің бұзылуы сияқты бірқатар төтенше жағдай тіркелді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz