Панама каналы күнделікті транзит көлемін қысқартады. Қазір су жолы арқылы тәулігіне 40 кемеге дейін өтеді. Қыркүйектің басында олардың саны 34-ке, ал айдың ортасынан 32-ге дейін азайтылады.
Бұл шектеулерге аптап ыстықтан туындаған су тапшылығы себеп болып отыр. Климаттық Эль-Ниньо құбылысының күшеюі аймақта құрғақшылықты одан әрі ушықтыруы мүмкін. Біріккен ұлттар ұйымының мәліметіне сүйенсек, Эль-Ниньоның шарықтау кезеңі қыркүйек-желтоқсан айларына сәйкес келеді. Панама каналы әкімшілігі мамыр айынан тамызға дейін жауын-шашын мөлшері нормадан 34%-ға аз болғанын хабарлады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Панама #транзитPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz