Еуропада газ бағасы қымбаттады. Лондон биржасында көгілдір отын фьючерстері 1 мың текше метріне 800 доллардан асты.
Бұл наурыз айынан кейінгі ең жоғарғы көрсеткіш. Ол кезде Таяу Шығыстағы энергетикалық инфрақұрылымға жасалған шабуылдарға байланысты газ келісімшарттарының құны 850 долларға дейін жеткен еді. Оның үстіне қазір аймақты аптап қысып, электр энергиясына сұраныс жоғары болып отыр. Бұл газ қорларын толықтыруға кедергі келтіруде. Еуропалық салалық операторлардың мәліметіне қарағанда, көгілдір отын сақтау қоймалары небәрі 61 пайызға толған.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #аптап ыстық #Еуропа #газPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz