RU
Толық нұсқаға өту

Дунайда кеме қатынасы тоқтады

21.08.2026, 19:50 26

Мажарстан аумағындағы Дунай өзені рекордтық шамаға дейін тартылды. Бұған ұзаққа созылған аптап ыстық себеп. Кейінгі күндері су деңгейі 8-18 сантиметр деңгейіне жетті.

Ал кеме қатынасы үшін 2,5 метр қалыпты деп саналады. Сондықтан өзендегі жүк және туристік тасымал толығымен тоқтады. Бұл жағдай күзгі егін жинау қарсаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортына қауіп төндіріп тұр. Экономистер жоғары логистикалық шығындар мен астық жеткізіліміндегі іркілістер елдің жалпы ішкі өнімінің өсіміне кері әсер етуі мүмкін деп болжайды. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz