RU
Толық нұсқаға өту

Еуроодақ Израильді айыптады

24.08.2026, 09:22 27

Еуроодақ Израильдің Иордан өзенінің Батыс жағалауында қоныстарды кеңейту жоспарын қатаң айыптады.

Ұйымның сыртқы саясатына жетекшілік ететін Кая Каллас Тель-Авив билігінен бұл әрекетті тоқтатуды талап етті. Ол мұның халықаралық құқық бойынша заңсыз екенін ескертті. Өйткені Шығыс Иерусалимде мыңдаған палестиналық тұрады. Сондай-ақ бұл аймаққа көшірілген израильдіктер жергілікті тұрғындарға жиі шабуыл жасайды. Сондықтан Еуроодақ Израильден құқық бұзушыларды жауапқа тартуға шақырды. Тель-Авив билігі жалпы аумағы 12 шаршы шақырым жерге  1 мың 200 үй тұрғызуға ниетті. Премьер-министр Биньямин Нетаньяху бұл жоспарын алғаш рет 2010 жылы жариялады. Алайда халықаралық қауымдастықтың наразылығынан кейін құрылысты тоқтатқан еді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz