Конго Демократиялық Республикасында эбола безгегін жұқтырғандар саны 5500-ден асты.
Кейінгі бір тәулікте Итури мен Солтүстік Киву провинцияларында дертке тағы 51 тұрғын шалдыққаны анықталды. 2 мың 642 науқас көз жұмды. Жұқпалы кесел елдің алты аймағына тарап кетті. Бұл жолғы өршуге бундибугио штаммы себеп болып отыр. Оған қарсы әзірге вакцина жоқ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аймаққа Ervebo екпесінің 70 мың дозасын бөлетінін мәлімдеген еді. Соның алғашқы партиясы елге жеткізілді. Бірақ бұл вакцина эболаның басқа түріне қолданылады. Сондықтан оның бундибугио штаммына әсері клиникалық сынақ кезінде тексеріледі.
Тегтер #Хабар 24 #жаңалықтар #Конго #эбола безгегіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz