RU
Толық нұсқаға өту

Қатарда мемлекеттік шығын 30%-ға қысқарды

24.08.2026, 20:30 326

Қатар мемлекеттік мекемелердің бюджетін 30 пайызға қысқартты. Ал шетелге берілетін көмек бірден 85 пайызға азайды.

Бұл туралы Financial Times хабарлады. Басылым дерегінше, мұндай қадамға сұйытылған табиғи газ экспортынан түсетін табыстың күрт кемуі себеп. Наурызда Иран соққысынан Рас-Лаффандағы газ нысандары зақымданып, өндіріс тоқтаған еді. Ормуз бұғазындағы кеме қатынасының қиындауы да жағдайды ушықтырды. Халықаралық валюта қоры биыл Қатар экономикасы 8,6 пайызға құлдырауы мүмкін деп болжайды. Бұл – Парсы шығанағындағы алты мемлекеттің ішіндегі ең жоғары көрсеткіш. Доха қазір қаржы резервін пайдалануға көшкен.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz