RU
Толық нұсқаға өту

Сеулде Еуразия жастары бас қосты

25.08.2026, 08:41 43

Тарихи «Корея – Орталық Азия» саммиті қарсаңында мегаполисте бірінші жастар форумы өтті

Оның ұйымдастырушылары – Еуразия болашақ көшбасшыларының қауымдастығы, этникалық корейлердің Koryoin Global Network бірлестігі және Өзбекстан жастарының дүниежүзілік қауымдастығы. Кездесуде қатысушылар тұрақты халықаралық байланыс желісін құруға келісті. Жас көшбасшылар тығыз ынтымақтастық тек бір форум аясында шектеліп қалмай, жоғары деңгейдегі саммит ұзақ мерзімді алмасу бағдарламаларын бастауға негіз болады деп үміттенеді

Ким Со Ён, Еуразия болашақ көшбасшылары қауымдастығының жетекшісі:

- Біздің негізгі жобамыз – жастарға арналған пікірталастар. Солардың көмегімен біз байланыс желісін құрып қана қоймай, сарапшыларды тарта отырып, жастарға болашаққа бағыт-бағдар береміз. Екінші үлкен бағытымыз – зерттеу қызметі. Біз корей қоғамына Орталық Азияны жақынырақ таныстыру мақсатында электронды кітаптар шығарамыз. Сонымен қатар, екіжақты байланысты нығайту үшін жақында Қазақстан корейлері қауымдастығы жанындағы жастар ұйымымен меморандумға қол қойдық.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz