АҚШ сөйтіп Иранға қарсы жаңадан ауқымды санкциялық науқан бастады. Қаржы министрі Скотт Бессенттің мәлімдеуінше, бұл «экономикалық оқшаулау» операциясы.
Бұл арада Вашингтон Иранның мұнай сатып, табыс табуына және санкцияларды айналып өтуіне мүмкіндік беретін қаржы және логистикалық желілерді бұғаттамақ. АҚШ Қаржы министрлігі әлем бойынша Иранның мұнай саудасына, ядролық пен зымырандық технологияларды сатып алуына және кибероперацияларға қатысы бар 60-тан астам компания мен жеке тұлғаға санкция енгізіп жатыр. Сондай-ақ Ислам республикасымен экономикалық қатынасты жалғастырып келе жатқан елдерге оны тоқтатуды ескертті. Талап орындалмаса, Вашингтон біржақты шаралар қабылдап, оларды АҚШ доллары жүйесінен ажыратады. Өткен аптада Иранның ірі сауда серіктесі – Біріккен Араб Әмірліктері Тегеранмен барлық сауда және қаржылық операцияларды тоқтатты.
Скотт Бессент, АҚШ Қаржы министрі
- «Қаржы министрлігі Иранның мұнайды заңсыз тасымалдап, санкцияларды айналып өту үшін пайдаланған барлық делдалдары мен желілерін анықтады. Бүгіннен бастап Иран режимі мен Ислам революциясы сақшылар корпусын қаржыландыратын көздерді жабу шаралары күшейтіледі. Біз санкцияларды айналып өтудің ешбір мүмкіндігіне жол бермейміз. Иранға әлі де қаржылай қолдау көрсетіп отырған елдер бұдан былай мұндай әрекеттерден бейхабармыз деп айта алмайды».
Тегтер #Хабар 24 #жаңалықтар #Иран #АҚШ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz