Газа секторына жасалған Израиль шабуылдарынан кемінде 4 адам қаза тапты. Олардың екеуі – бала.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, соққылар анклавтың орталық және оңтүстік бөліктеріндегі Дейр-әл-Балах пен Хан-Юнис аудандарына бағытталған. Салдарынан аймақтағы тұрғын үйлер мен босқындар орналасқан лагерьлер қираған. Ал Израиль әскері операция барысында ХАМАС-тың содырлары мен инфрақұрылымын нысанаға алдық деп отыр. Айта кетейік, былтыр қазанда Газада атысты тоқтату туралы келісім күшіне енгеннен бері Израиль соққыларынан мыңнан астам палестиналық қаза тапты.
Тегтер #Хабар 24 #Газа секторы #Израиль #шабуыл #қаза тапқандарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz