RU
Толық нұсқаға өту

Сингапурда әр балаға 25 млн теңге бөлінеді  

25.08.2026, 14:32 368

Сингапурда әр балаға 70 мың сингапур доллары, яғни 25 млн теңгеден астам қаржы бөлінеді. Ел үкіметі 17 жасқа дейінгі бала тәрбиелеп отырған отбасыларға мемлекеттік қолдауды күшейтпек. 

Төлемдер кезең-кезеңмен беріледі. Бір бөлігі қолма-қол, енді бірі балабақша шығындарына, ал 10 мың доллар баланың жоғары білім алуына жұмсалады. Тағы мемлекеттік балабақшалар бағасы арзандап, бала күтіміне байланысты демалыс мерзімі ұзарады. Аталған шаралар елдегі туу көрсеткішінің рекордтық төмендеуіне байланысты енгізіліп отыр. Осы ретте Сингапур билігі алдағы уақытта мигранттарды қабылдауды жалғастыратынын хабарлады. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz