RU
Толық нұсқаға өту

Израиль Бейбітшілік кеңесіне шарт қойды

25.08.2026, 17:12 34

Егер ұйым 3 күн ішінде Газа секторынан ұшырылып жатқан батпырауықтарды тоқтатуға ықпал етпесе, анклавқа соққы жасайтынын мәлімдеді.

Бұл жөнінде Израильдің Kan телеарнасы хабарлады. Бұған дейін Израиль билігі Газадан әуе батпырауықтары мен шарлардың ұшырылғанын мәлімдеген. Олардың ішінен жарылғыш заттар табылған жоқ. Бірақ Израиль мұндай әрекеттер үшін ХАМАС-ты айыптап, оларды дрон ұшырумен теңестіріп отыр. Алайда топ өкілдері өздерінің бұған қатысы жоқ екенін және шарларды балалар ұшырып жатқанын мәлімдеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz