АҚШ Сирияны терроризмді қолдаушы мемлекеттер тізімінен шығарды.
Бұл туралы Мемлекеттік департамент пен Қаржы министрлігі хабарлады. Сонымен қатар қазіргі президент Ахмед аш-Шараа басшылық еткен "Хайат Тахрир аш-Шам" ұйымына қатысты шектеулер де алынды. Дамаск бұл санатқа 1979 жылы енгізілген еді. Америка елдің жаңа билігі халықаралық терроризмге қарсы күресте нақты қадам жасап отыр деп бағалайды. Бұған дейін Сирияға салынған бірқатар экономикалық санкция да жеңілдетілді. Соның арқасында елдің халықаралық саудаға қайта араласып, шетелдік инвестиция тартуына мүмкіндік ашылды.
Тегтер #АҚШ #Сирия #тізім #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz