Испанияның Мароккомен шекаралас Сеута қаласында қылмыс күрт өсті.
Аймақта көші-қон дағдарысы басталғалы ұрлық пен тонау көбейіп, көшеде қақтығыстар жиілеген. Тұрғындар "күн батса көшеге шығуға қорқамыз" деп отыр. Кей ойын-сауық орындары жұмысын уақытша тоқтатқан. Қазір қалада 10 мыңға жуық мигрант заңсыз жүр. Күніне небәрі 10-20 адам еліне қайтарылып жатыр. Бірнеше апта бұрын Мароккодан теңіз арқылы Испанияның осы өңіріне 70 мың босқын заңсыз кірген еді. Жергілікті билік көп ұзамай олардың жартысынан көбін еліне қайтарған.
Тегтер #мигрант #Испания #қылмыс #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz