Канада АҚШ-қа қарымта баж салығын енгізеді. Америкалық тауарларға салынатын алым көлемі 20 миллиард долларға жуықтайды. Мұны Канаданың Қаржы министрі мәлімдеді.
Жалпы 700-ге жуық өнімге 15-тен 50 пайызға дейін тариф енгізіледі. Шара қыркүйектің сегізінен бастап күшіне енеді. Олардың ішінде болат, алюминий, жиһаз және киімге – 50%, ірімшік, тұрмыстық техника және кейбір теңіз өнімдеріне – 25%, ал электроникаға -15% салық салынбақ. Осылайша, Оттава Вашингтонға «долларға – доллар, пайызға – пайыз» деп қатқыл түрде жауап берді. Ал зардап шеккен кәсіпорындарға 7,5 миллиард доллар көлемінде қолдау көрсетпек.
Мелани Жоли, Канаданың Өнеркәсіп министрі:
- Бүгін таңертең сауда орындары қауымдастықтарының өкілдерімен сөйлестік. Дүкендер мен супермаркеттерде канадалық өнімдердің анық көрсетілуін сұрадым. Олар бұл бастаманы қолдауға дайын. Егер канадалық тауарды көрсеңіз, соны таңдаңыз. Өйткені сауда соғысының осы жаңа кезеңінде отандық өнімді сатып алу арқылы сіз АҚШ-қа қысым жасап қана қоймай, елдегі жұмыс орындарын да сақтап қаласыз.
Тегтер #Хабар 24 #жаңалықтар #Канада #АҚШ #баж салығыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz