Мальдив парламенті шетелдік туроператорлар, туристік агенттіктер және онлайн брондау платформалары үшін жаңа салық талаптарын бекітті, деп хабарлайды 24KZ The Standard Maldives басылымына сілтеме жасап.
Қабылданған заңға сәйкес, шетелдік туристік компаниялар Мальдивтің Ішкі кірістер басқармасында (MIRA) тіркеліп, туристік тауарлар мен қызметтерге салынатын салықты (TGST) төлеуге міндетті болады.
Жаңа тәртіп туризм саласындағы салық жүйесіндегі олқылықтың орнын толтыруға бағытталған. Енді компания Мальдив аумағынан тыс жерде орналасқан болса да, елде сатылатын туристік қызметтерге салық салынады.
Түзету 54 депутаттың қолдауымен қабылданған. Жаңа тәртіп 2026 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енеді.
Биліктің есебінше, өзгерістер мемлекеттік бюджетке жыл сайын шамамен 1,61 миллиард Мальдив руфиясы, яғни 105 миллион АҚШ долларына жуық қосымша кіріс әкеледі.
Тегтер #Мальдив #салық #турагенттік #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz