Омартада жұмыс істеп жүрген азаматқа жыртқыш аң аяқ астынан тап берген. Абырой болғанда қасындағы адамдар көмектесіп, ер адам аман қалды.
Дегенмен түрлі жарақатпен ауруханада жатып, емделіп шықты. Мамандардың айтуынша, өлкеде қазір аю көбейіп кеткен. «Түз тағысы ауыл-аймақты иектеп жүр. Тұрғындардан 40 шақты шағым түсті», - дейді орман және аңшылық шаруашылығының өкілдері. Аю әсіресе Алтай, Риддер, Ұлан, Марқакөл жақта жиі көзге түседі. Сарапшылардың пікірінше, жыртқыштардың елді мекендерді төңіректеуіне азық қорының аздығы әсер етіп жатыр.
Сергей Карманников, ШҚО Орман және аңшылық шаруашылығы жедел қимыл отряды бастығының орынбасары:
- Жағдай былтырғыдай болып тұр. Көктем ұзаққа созылды, жаз құрғақ болды. Орманда саңырауқұлақ та, жидек те жоқ. Оның үстіне тұрғындар ауыл шетіне тамақ қалдықтары мен қоқысты апарып, үйіп тастайды. Ал оның иісін аш жүрген аң бірден сезеді. Инспекторлар шағым бойынша өңірлерге шығып, үркіту жұмыстарын жүргізіп жүр.
Тегтер #Риддер #аю #шабуыл #Таңдаулы
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz