Республиканың түпкір-түпкірінен жиналған шаруалар жиын-терім науқанын қортындылап, Паркент ауданында бас қосты.
Өзбекстанда жүзім шаруашылығы кенжелеп қалған. Сондықтан мемлекет арнайы бағдарлама қабылдап, жаңа технология енгізуді көздеп отыр.
Өзбекстанда жүзім шаруашылығы жаңа технологияға зәру. Жеміс өндіруші кәсіпорындардың 30 пайызы ғана модернизациядан өткен. Қалғаны ескі техологиямен жұмыс істейді. Қазір елдің 48 ауданында жүзім шаруашылықтары бар. 2021 жылдан бастап оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, өнімдерін шет ел асыруға жәрдем жасалады.
Атойфах Малосхаров, шаруа:
- Қазір әлемде жүзімге деген сұраныс артқанымен тұтынушылардың талабы күшейіп барады. Мәселен, мына жүзімдерді алдағы бір екі жылда нарықта саудалау қиынға соғады. Себебі тұтынушылар жемістің сүйексіз болғанын қалайды. Өнімдерімізді осы стандарқа біртіндеп көшіріп жатқан жайымыз бар. Жүзімнің жаңа сорттарын өсіруге көштік. Сөйтіп 35 пайызын сүйексіз еттік.
Жүзім фестивалі тек өнімдерді көрсету ғана емес, жиын-терін науқанын қортындылап, шаруалардың бір-бірімен тәжірибе алмасуына жақсы мүмкіндік. Бұл жиынға өнерпаздар да келіп, тарту жасады.
Жүсіп Құрынбаев, Төменгі Шыршық ауданының тұрғыны:
- Бір-бірін таниды. Бұл жерде тек өзбек пен қазақтар ғана емес, өзге де ұлт өкілдері бар. Кәріс, қырғыз, орыс ұлтының өкілдері де өз өнерлерін көрсетіп отырады. Ұлттық аспаптарында өнер көрсетеді.
1980 жылдары Өзбекстан 250 мың гектар алқапқа жүзім еккен болса, қазір бұл көрсеткіш 100 мыңға кем. Кеңес үкіметі тұсында шарап өндірісіне шектеу қойылып, алқаптар қысқартылған екен. Ал қазір үкімет бұрынғы межеге жетуді көздейді. Себебі жүзім шарабына деген сұраныс жылдан жылға артып келеді.
Тегтер #Өзбекстан #жүзім #фестивальPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz